• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы Бүгін, 09:48

Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

40 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» 14 сәуірде ел аумағында қолайсыз ауа райы болатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Синоптиктер болжамынша, атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен еліміздің батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республиканың батысы мен оңтүстік-батысында қар аралас  жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Елдің солтүстігінде, шығысында түнгі уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Ал өзге аймақтарда жауын-шашынсыз ауа райы болжанған.

Ертең қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды?

Жалпы ел аумағында тұман түсіп, жел күшейеді. Оңтүстікте шаңды дауыл тұрып, шығыста көктайғақ болады. Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, Жамбыл облысының батысында, оңтүстік-шығысында, Алматы облысының солтүстігінде, батысында, орталығында жылы температура сақталады. Сондай-ақ Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында, Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, Абай облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары деп болжанған.

Қазақстанда ауа райы күрт құбылады

Соңғы жаңалықтар