• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 15:22

15 сәуірде елімізде телеарналар мен радио уақытша жұмыс істемейді

60 рет
көрсетілді

Қазақстанда ертең теледидар мен радио хабарлары уақытша жұмыс істемейді. «Казтелерадио» компаниясы өкілдерінің мәліметінше, аталған жұмыстар хабар тарату сапасын арттыру үшін қажет, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Казтелерадио» компаниясы көрермендер мен тыңдармандарды жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізілетін туралы алдын ала ескертеді. Хабар тарату 3:00-ден 17:00-ге дейін тоқтатылады.

Осы уақыт аралығында спутниктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілердегі техникалық құралдарда сервистер уақытша жабылады. Соның салдарынан ел аумағы бойынша телерадиоарналардың ретрансляциясы тоқтатылады.

Ертең теледидар мен радио жұмыс істемейді

Соңғы жаңалықтар