• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Хоккей 14 Сәуір, 2026

Хоккейден Қазақстан құрамасының бас бапкері тағайындалды

70 рет
көрсетілді

Астананың «Барыс» хоккей клубында ұзақ жыл өнер көрсетіп, 2007 жылы Қазақстанның үздік хоккейшісі атанған Талғат Жайлауов хоккейден ұлттық құрама тізгінін ұстады, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан хоккей федерациясы ұлттық құраманың бапкерлер құрамын жариялады. Құраманың бас бапкері болып Талғат Жайлауов тағайындалса, оның жаттықтырушылар штабына «Барыс» жүйесінің тағы екі өкілі Константин Пушкарёв пен Александр Кудрявцев енді. 

Мемлекет басшысы Astana Team балалар хоккей командасын жеңіске жетуімен құттықтады

Айта кетейік, Талғат Жайлауов 2011 жылғы Қысқы Азия ойындарының чемпионы, 2007 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанған. Сондай-ақ құрлықтық хоккей лигасында көптеген маусым бойы табысты өнер көрсеткен. Ал жаттықтырушы ретінде «Номад» және «Барыс» клубтарының бапкерлер құрамында жұмыс істеген.

 

Соңғы жаңалықтар