• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Жемқорлық Бүгін, 19:40

«ҚазТемірТранстың» бұрынғы вице-президенті 5,2 млрд теңге жымқырды деген күдікке ілінді

30 рет
көрсетілді

Қаржылық мониторинг агенттігі «ҚазТемірТранс» АҚ-ның бұрынғы вице-президенті А.А. Капеновке қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Іс қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану және қаржы жымқыру күдігі бойынша қаралуда, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тергеу деректеріне сәйкес, ол қызметін пайдаланып, жүк вагондарын басқару қызметтерін көрсету кезінде өзіне жақын компанияларға заңсыз артықшылық берген. Соның салдарынан компанияға 5,2 млрд теңгеден астам шығын келтірілген.

Қазіргі уақытта Капенов халықаралық іздеуге жарияланған. Сот шешімімен оған қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалған.

Жүргізуші куәлігін заңсыз алу: Еліміздің бірнеше өңірінде 60-тан астам жемқорлық фактісі әшкере болды

Залалды өтеу және заңсыз алынған активтерді қайтару мақсатында Бас көлік прокуратурасы «Достық» станциясындағы терминалды тәркілеуді сұраған. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты бұл мүлікті мемлекет меншігіне беру туралы шешім шығарды.

Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді.

Соңғы жаңалықтар