• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Кеше

Германия Украинаға әуе қорғанысын күшейтуге миллиардтар бөлді

30 рет
көрсетілді

Украина мен Германия жалпы құны 4 млрд еуроны құрайтын жаңа ынтымақтастық пакетін бекітті. Жаңа келісім аясында Германия Украинаға әуе қорғанысын күшейтуге бағытталған маңызды қолдау көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атап айтқанда, Patriot жүйесіне арналған жүздеген зымырандар қаржыландырылады және қалалар мен инфрақұрылымды қорғау мақсатында 36 дана IRIS-T қондырғысы жеткізіледі.

Сонымен қатар 300 млн еуро алыс қашықтыққа соққы беру мүмкіндіктерін дамытуға бөлінеді. Бұл қаражат елдің қорғаныс қабілетін арттыруға бағытталған.

Қазақстан мен Украина телефон алаяқтарына қарсы бірлескен операция жүргізді

Келісімнің тағы бір маңызды бөлігі – жасанды интеллект негізіндегі дрондарды бірлесіп өндіру жобасы. Алғашқы кезеңде Украина Қорғаныс күштері үшін 5000 дана AI-дрон шығару жоспарланған.

Жалпы бұл ынтымақтастық пакеті екі елдің қорғаныс саласындағы серіктестігін күшейтіп, Украинаның қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

Соңғы жаңалықтар