• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Заң Бүгін, 16:22

Цифрлық жүйе көлік басқару кезінде телефон қолданудың 6 дерегін тіркеді

20 рет
көрсетілді

Цифрландыру аясында жолдағы бірқатар құқықбұзушылықты анықтау интеграцияланған ақпараттық жүйелер мен мемлекеттік деректер базаларын пайдалану арқылы автоматты режимде жүзеге асырылып жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Бүгінде республика бойынша әкімшілік өндірістердің біріңғай тізілімі жүйесімен интеграцияланған мемлекеттік деректер базаларының мәліметтерін пайдалану арқылы сақтандыру полисі жоқ 5 мыңнан астам дерек, техникалық байқаудан өтпеген 5,5 мыңнан астам дерек, қауіпсіздік белдігін тақпауға байланысты шамамен – 700 құқық бұзушылық, сондай-ақ көлік құралын басқару кезінде телефон қолданудың 6 дерегі анықталған.

Көлік жүргізу кезінде телефон пайдалану: Бейнебақылау камералары қалай жұмыс істейді?

Ішкі істер министрлігі цифрлық шешімдер жолдағы қауіпті әрекеттерді дер кезінде анықтауға, ықтимал салдардың алдын алуға және жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Жолда жүру қағидалары сақталған жағдайда ешқандай айыппұл санкциялары қолданылмайды. Бұл жүйе жазалау үшін емес, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында енгізілген. Азаматтарды заңнама талаптарына жауапкершілікпен қарап, сақтандыру полисінің бар-жоғын алдын ала тексеріп, техникалық байқаудан уақытылы өтіп, жолда жүру қағидаларын қатаң сақтауға шақырамыз», делінген министрлік таратқан хабарламада.

12 наурыздан бастап камералар қандай заңбұзушылықтар үшін айыппұл салады?

Соңғы жаңалықтар