• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Энергетика Бүгін, 17:22

Еліміздің энергетикалық нысандарында ауқымды жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

30 рет
көрсетілді

Қазақстанда энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту және жылыту маусымына дайындық аясында 9 энергоблокты, 55 қазандықты және 51 турбинаны күрделі жөндеу жоспарланған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта 3 энергоблокта жөндеу жұмыстары қолға алынған. Сонымен қатар 12 қазандық жөнделіп жатыр, олардың біреуіндегі жұмыстар аяқталған. Бір турбинаның жөндеуі аяқталып, тағы 5 турбинада жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қалған нысандардағы жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асырылмақ.

Теміртаудың бірнеше шағын ауданында көп жылдан бері алғаш рет жылыту маусымы апатсыз өтті

Жүргізіліп жатқан шаралар энергетикалық жабдықтардың сенімді әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге, сондай-ақ алдағы жылыту маусымында халықты тұрақты жылумен жабдықтауға бағытталған.

Нұрболат АМАНБЕК

Соңғы жаңалықтар