АСТАНА. 15 тамыз. Франция соты мектептерде оқитын мұсылман балаларының шошқа етін жеулерін міндетті еткен қаулы қабылдады. Бұл туралы IslamNews сайтына сілтеме жасаған ras.kz хабарлады.
«Француз мұсылмандарының лидерлері соттың мемлекеттік мектептерде оқушылардың тамақтанулары тұрғысындағы көп жылдық саясатының жойылуына бастайтын қаулы қабылдауын айыптады. Шамасы, енді олардың түскі аз кезінде доңыз еті орнына өздері қалайтын басқа ет түрлерін ауыстырып алу мүмкіндіктері келмеске кеткен сияқты», – делінген хабарламада.
Мұсылман діні француз кеңесінің жетекшісі Абдулла Зекри соттың сәрсенбі күні Дижон қаласындағы мектептегі оқушыларды тамақтандыруға қатысты қабылдаған қаулысына орай қатты алаңдаушылық білдірді.
Мұсылман қауымдастығының заңгерлері қазір сондай-ақ, Шалон-сюр-сон қаласы мэрінің мектептерде асханаларда мәзірдегі доңыз етін алмастырып алу мүмкіндігін жойған директивасын қайтартып алу үшін күресіп жатыр.
Мэр-консерватор Жиль Платре соттың жоғарыда аталған қаулысын «Франциядағы секуляризмнің жеңуі» деп бағалады. Ал Абдулла Зекри өз кезегінде мұндай шешімдердің оқушылар арасындағы қарым-қатынасқа жік салатын арандатушылық әрекет деп атап көрсетті.
Талғат Райымбек.
Дерек, сурет: ras.kz.