АСТАНА. 16 тамыз. Бүгін футболдан Қазақстан премьер-лигасының 23-туры аяқталды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Тур барысында жанкүйерлер «Астана» мен «Қайрат» командаларының қатысуымен болған ойындарға ерекше назар аударды. Оның себебі, қос жасақ та еурокубоктық бәсекелерде сәтті ойнауда.
Екінші айналымды «Астана» жеңіспен бастады. Сырт алаңда «Ақтөбеден» 1:0 есебімен басым түскен елордалықтар турнир кестесінде жеке дара көш бастады.
Ал «Қайрат» Шымкентте «Ордабасымен» тең ойнады. Бұл кездесуде есеп ашылған жоқ. Жалпы, осы турда тағы екі матч голсыз өтті. Атап айтқанда, «Шахтер» мен «Оқжетпес» және «Қайсар» мен «Тараз» бір-бірінің қақпаларынан саңылау таба алмады.
Ең ірі есеп Қостанайда болған жергілікті «Тобыл» мен «Жетісу» арасындағы ойында тіркелді. Қонақтардың үш бірдей добына алаң иелері жалғыз голмен жауап қайтарды.
13 тамыз
«Ақтөбе» (Ақтөбе) – «Астана» (Астана) 0:1 (0:0)
Гол: Рохер Каньяс 81.
14 тамыз
«Ордабасы» (Шымкент) – «Қайрат» (Алматы) 0:0
15 тамыз
«Ертіс» (Павлодар) – «Атырау» (Атырау) 2:0 (1:0)
Голдар: Фернардер Кассай 37, Эвандро Ронкатто 87.
«Шахтер» (Қарағанды) – «Оқжетпес» (Көкшетау) 0:0
«Қайсар» (Қызылорда) – «Тараз» (Тараз) 0:0
16 тамыз
«Тобыл» (Қостанай) – «Жетісу» (Талдықорған) 1:3 (1:2)
Голдар: Игорь Зенькович 14, пенальти – Руслан Галиакберов 3, 72, Бауыржан Тұрысбек 16.
23-турдың қорытындысы бойынша турнир кестесі
Үздік мергендер:
Жерар Гоу («Қайрат») – 18 гол;
Лука Роткович («Оқжетпес») – 10 гол;
Душан Савич («Жетісу»), Джордже Деспотович («Қайрат»), Сергей Хижниченко («Ақтөбе») – 8 гол.
24-тур ойындары 22-23 тамызда ойналады. Аталған турдағы қарсыластар төмендегідей:
«Астана» – «Атырау»
«Ақтөбе» – «Ордабасы»
«Жетісу» – «Тараз»
«Қайрат» – «Ертіс»
«Оқжетпес» – «Қайсар»
«Тобыл» – «Шахтер».
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: vk.com.