• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 15:57

Каспий жағалауынан 100-ге жуық итбалықтың өлексесі табылды

30 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысының Түпқараған ауданындағы Каспий теңізі жағалауында 97 итбалықтың өлексесі анықталды. Мамандардың алдын ала болжамынша, жануарлар бір айдан астам уақыт бұрын қырылған, ал оларды жағалауға батыс желі айдап шығарған, деп жазады Egemen.kz.

Бүгін «Каспий итбалығы» мемлекеттік табиғи резерваты қызметкерлері Жайық – Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы және Түпқараған ауданының жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп теңіз жағалауын мониторингтеу барысында жағаға шығып қалған итбалық өлекселерін анықтаған.

Каспий жағалауынан жүзден астам өлі итбалық табылды

Сағат 11:00-дегі жағдай бойынша, батыстан соққан қатты желдің әсерінен жағалауға барлығы 97 өлексе шығарылған.

Қазіргі уақытта қолданыстағы ережелерге сәйкес арнайы жұмыс тобы құрылып, оқиға орнына бірқатар мекеме өкілдері жіберілді. Олардың қатарында «Каспий итбалығы» резерваты, балық шаруашылығы инспекциясы, жергілікті әкімдік, ішкі істер бөлімі, экология департаменті, ветеринариялық бақылау және қадағалау қызметі, Гидробиология және экология институты, Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығы, сондай-ақ «Qazaq balyk» республикалық қауымдастығы бар.

Мамандар өлекселерден сынама алып, жануарлардың қырылу себептерін анықтау және оларды жою жұмыстарын ұйымдастырып жатыр.

Гидробиология және экология институтының мәліметінше, итбалықтардың өлімі шамамен бір ай бұрын болған, алайда олардың денелері теңіздегі дауылдың әсерінен енді ғана жағалауға жеткен.

Каспий итбалықтарына әуеден шолу жасалды

Қазіргі уақытта жағалауды бақылау жұмыстары жалғасып жатыр. Жағдай тұрақты бақылауға алынған.

Соңғы жаңалықтар