• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
17 Тамыз, 2015

Қарағандыда турфирма клиенттерін 400 мың долларға «лақтырды»

276 рет
көрсетілді

ҚАРАҒАНДЫ. 17 тамыз. Қарағандыда «Фараон» атты туристік фирманың үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша 400 мың доллардай шығын шеккен 75 адам жәбірленуші болып танылды. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. Аталған турфирма өзінің клиенттеріне Түркияға саяхаттап баруға мүмкіндік беретін арзан жолдама сатып, сан соқтырып кеткен. Қылмыстық іс «Аса ірі көлемдегі алаяқтық» бабы бойынша қозғалды. Қазіргі таңда турфирма тек 13 адамның ғана ақшасын қайтарған. Бүгінгі күнде күдіктінің саны екеу. Олар – фирма директоры Жанар Абеуп пен кассир Әлия Габриэль. Сондай-ақ, бұл іске тағы бір үшінші адамның қатысы бары белгілі болып отыр. Бірақ тергеу ісінің мүдделеріне сай, оның есімі әзірге жария болмайды. Туристік агенттіктер қауымдастығының мәліметінше, «Фараон» фирмасы сала нарығында бес жылдай жұмыс істеп келген және де ол осы уақыт аралығында өзін қызметі арзан оператор ретінде көрсеткен. Қайрат Әбілдинов. Дерек, Қарағанды облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі. Сурет: kommersant.ru.