ҚАРАҒАНДЫ. 17 тамыз. Қарағанды қаласында айдың күннің аманында қыз жоғалды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Карина есімді қыздың жоғалып кеткендігі туралы оның достары ВКонтакте әлеуметтік желісінде хабарлаған. Олар таратқан ақпар бойынша, Карина Қарағанды қаласының Оңтүстік Шығыс ауданындағы «Ариста» деген ресторан маңында жүргенінде үшті-күйлі жоғалыпты.
Кейін белгілі болғандай, Карина Дүйсенбекова «топографиялық кретинизм» (төңіректі бағдарлай алмаушылық) деген дертпен ауырады екен.
Қайрат Әбілдинов.
Дерек: Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Сурет: egemen.kz.