• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
14 Мамыр, 2015

Чемпиондар лигасы. «Ювентус» – финалда! (фото)

493 рет
көрсетілді

АСТАНА. 14 мамыр. УЕФА Чемпиондар лигасының финалына шыққан екінші команда да белгілі болды. Қарымта кездесуде өз алаңында «Ювентусті» қабылдаған Мадридтің «Реалы» 1:1 есебімен тең ойнады. Туринде өткен алғашқы матч алаң иелерінің пайдасына 2:1 есебімен аяқталғаны белгілі. Нәтижесінде жалпы есеп бойынша «Ювентус» басым түсіп, финалға берілер жолдаманы иемденді. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Мадридтегі ойын аса тартысты өтті. Статистикалық көрсеткіштер бойынша алаң иелері басым болды. Толассыз шабуылдаған «Реал» 22 рет қақпаға соққы жасаса, қонақтар 8 мәрте Касильястың иелігін нысанаға алған. Алайда, қақпаға тура бағытталған соққы жөнінен айтарлықтай айырмашылық жоқ (5:4). Допқа иелік ету көрсеткіші бойынша мадридтіктер сәл ғана басымдыққа ие болды (53% – 47%). Бұрыштама добы да «Реалдың» пайдасына тіркелді (8:6). Сонымен, Чемпиондар лигасының 2014-2015 жылғы маусымының финалына шыққан қос команда белгілі. «Ювентустен» бөлек, жартылай финалда Мюнхеннің «Бавариясын» айналып өткен «Барселона» да чемпиондықтан үмітін үзген жоқ. Финал 6 маусымда Берлиндегі «Олимпиаштадионда» өтеді. Еламан Қоңыр. Дерек: egemen.kz. Сурет: championat.com. «Реал» (Мадрид, Испания) – «Ювентус» (Турин, Испания) 1:1 (1:0) Бірінші ойынның есебі: 1:2 13 мамыр. Мадрид. «Сантьяго Бернабеу» стадионы. 85 454 көрермен. Төрешілер: Юнас Эрикссон, Матиас Класениус, Даниэль Варнмарк (үшеуі де Швеция). «Реал»: Икер Касильяс, ДаниэльКарвахаль, Марсело, Серхио Рамос, Рафаэль Варан, Тони Кроос, Хамес Родригес, Иско, Гарет Бэйл, Карим Бензема (Хавьер Эрнандес 67), Криштиану Роналду. «Ювентус»: Джанлуиджи Буффон, Штефан Лихштайнер, Патрис Эвра, Леонардо Бонуччи, Джорджо Кьеллини, Андреа Пирло (Андреа Барцальи 79), Поль Погба (Роберто Перейра 89), Клаудио Маркизио, Артуро Видаль, Карлос Тевес, Альваро Мората (Фернандо Льоренте 84). Голдар: Криштиану Роналду (пенальти) 23 – Альваро Мората 57. Ескертулер: Иско 32, Хамес Родригес 44 – Карлос Тевес 70, Штефан Лихштайнер 76.