АСТАНА. 14 мамыр. Ақорданың баспасөз қызметі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың көлік жүргізіп келе жатқанын көрсететін видеоны жариялады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлады.
«Мемлекет басшысының баспасөз қызметі Instagram желісіндегі парақшасында Қазақстан Президенті бейнеленген суреттер мен видеоларды жиі жариялап отырады», - делінген хабарламада.
Бүгін, 13 мамыр күні жарық көрген видеоға «Президенттің бейне мұрағатынан: Көлік жүргізу сәті» деген анықтама берілген.
Аталмыш видео жарияланғаннан кейін жарты сағат өтісімен оған мыңдаған адам лайк басып үлгерді.
Айта кетейік, Instagram желісіндегі akordapress парақшасына шамамен 55 мың адам жазылған.
Мұрат Айтқожа.
Дерек, сурет: Tengrinews.kz.
https://youtu.be/Qiy4CkoG88w