«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мемлекеттік мерекелер, демалыс және мектеп демалыстары кезеңдерінде пойыздарда жүктеме артатынын мәлімдеді. Осыған орай компания жолаушылар назарына тасымалдау ережелерін ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
1. Билетсіз жол жүруЖолаушыларға билетсіз пойызға мінуге тыйым салынады. Жолсерік кез келген уақытта билетті талап етуге құқылы. Билет болмаған жағдайда жолаушы жақын маңдағы станцияда пойыздан түсіріледі. 2. Балаларды растайтын құжаттарсыз тасымалдауБаланы жеке басын куәландыратын немесе ата-анасының растайтын құжаттарынсыз тасымалдауға рұқсат етілмейді. Қажетті құжаттар болмаған жағдайда жолаушылар пойызға мінбейді.3. Ресімделмеген багажды алдын ала төлемсіз алып жүруБелгіленген нормалардан асатын багажды (бір жолаушыға 35 кг-нан астам) алдын ала төлемсіз және ресімделген құжатсыз тасымалдауға тыйым салынады. 4. Жануарларды тиісті құжаттарсыз тасымалдауЖануарларды ветеринарлық құжаттарсыз тасымалдауға қатаң тыйым салынады. Қажетті құжаттар болмаған жағдайда жолаушы пойызға отырғызылмайды. 5. Пойызда темекі шегуге тыйым салынадыПойыздарда темекі шегуге қатаң тыйым салынады, оның ішінде кәдімгі темекі мен электронды темекі шегуге арналған құрылғылар бар. 6. Стоп-кранды қажеті болмаса пайдалануға тыйым салынадыСтоп-кранын негізсіз пайдалануға қатаң тыйым салынады. Бұл пойыздың жүру кестесін бұзуы, басқа жолаушыларға қолайсыздық тудыруы және әкімшілік жауапкершілікке әкелуі мүмкін. 7. Тыйым салынған заттарды тасымалдауЕсірткі, жарылғыш немесе өткір заттарды тасымалдауға қатаң тыйым салынады. Мұндай бұзушылықтар анықталған жағдайда жолаушылар құқық қорғау органдарына тапсырылады.8. Агрессия көрінісі немесе жанжал жағдайларын тудыруФизикалық немесе психологиялық зорлық-зомбылықтың кез-келген түріне, соның ішінде ауызша қорлауға қатаң тыйым салынады. Бұл ережені бұзу жолаушыны жақын маңдағы станцияда пойыздан шығаруға әкелуі мүмкін.9. Тоқтамаған пойыздан түсіп қалуМұндай әрекеттер өмір мен денсаулыққа өте қауіпті және ережелерді бұзу ретінде есептеледі. Пойыздан тек станцияларда және оған арналған есіктер арқылы түсу қажет.10. Вагонды шашып тастап кету немесе мүліктің бұзылуыВандализмге, вагондардың ластануына және «Жолаушылар тасымалы» АҚ (ҚТЖ еншілес ұйымы) мүлкінің бүлдіруге қатаң тыйым салынады. Мұндай әрекет жасаған жолаушы маршруттан түсірілуі мүмкін. ҚТЖ бұл талаптар Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды теміржол көлігімен тасымалдау ережелеріне сәйкес белгіленгенін атап өткен. Мереке күндері, әзірге барлық бағыт бойынша пойыз кестелеріне өзгеріс енгізілмеген.
Алматы – Ақтөбе бағытындағы пойызда жолаушы қайтыс болды