• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
14 Мамыр, 2015

Көктөбеге көтерілетін аспалы жолдың ашылуы кейінге шегерілді

519 рет
көрсетілді

АЛМАТЫ. 14 мамыр. Қала тұрғындары мен қонақтарын Көктөбеге алып баратын аспалы жолды күрделі жөндеу 2014 жылдың күзінде басталып, 2015 жылдың маусым айына дейін аяқталуы керек еді. Бірақ, белгілі себептерге байланысты, темір арқанға тартылған жолдың ашылуы шілде айына шегерілді.Бұл туралы tengrinews.kz хабарлады. Алматының атақты аспалы жолы– соңғы рет осыдан 9 жыл бұрын күрделі жөндеуден өткен. Жолдың ұзындығы әдеттегідей – 1727 метр, биіктігі – 80 метр, арақашықтықты 6 минутта жүріп өтуге болады. Бүгінгі күні ескі жолдың құрылымы түгелдей қайтадан күрделі жөндеуден өтуі тиіс. Осыған орай, бұл іспен аспалы жол салуда және жөндеуде мол тәжірбиесі бар ресейлік “Сноупром сервис” компаниясы айналысуда. Монтаждау жұмысын уәделі мерзімде орындап үлгермеген шетелдік компания соған қарамастан, магистральдың толықтай жаңаланып, жаңа қондырғылармен жабдықталып, жаз айының ортасында қалайда іске қосылатынына сенімді. Талғат Сүйінбай. Дерек, сурет:tengrinews.kz.