Өскемен қаласындағы «Қазцинк» зауытында болған жарылыс пен өрт салдарынан 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Компанияның ресми мәліметінше, оқиға түтінсорғышты тазалау кезінде болған.
«Апат салдарынан 2 адам қаза тапты. Зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды», делінген хабарламада.
Өскемендегі жарылыс: Төрт адам ауруханаға жеткізілді
«Қазцинк» қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, материалдық және өзге де көмек көрсетілетінін мәлімдеді.
Өскемендегі жарылыстан зардап шеккендер саны 9-ға жетті
Оқиғаның себептері мен мән-жайы тергеу қорытындысы бойынша анықталады.
Нұрболат АМАНБЕК