Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады.
Елбасы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне дайындық аясында ұлттық компанияға зор жауапкершілік жүктелетініне назар аударды. Президент қойылған міндеттердің ауқымдылығын айта келіп, оларды дер кезінде және сапалы жүзеге асыру қажеттігін атап өтті. А.Есімов алдағы кезеңге арналған жоспарлар туралы баяндады. Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.