• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Білім Кеше

Болашаққа қадам: №87 мектепте «Profi Day» жәрмеңкесі өтті

40 рет
көрсетілді

2026 жылғы 5 мамыр күні Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясында өткен «Profi Day» мамандықтар жәрмеңкесі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мақсатына толық жеткен мазмұнды әрі тағылымды іс-шара болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аталған шараға «Шипагер» медициналық колледжі, Қазтұтынуодағының жоғары колледжі, «Smart Bala» жобасы, Абай музейі, «Абай» кітапханасы және басқа да оқу орындары мен ұйымдар белсенді қатысып, оқушыларға кәсіби бағдар беруде зор үлес қосты. Сонымен қатар кинолог, мүсінші, дизайнер, психолог, өрт сөндіруші сынды түрлі сала мамандары өз тәжірибелерімен бөлісіп, мамандықтың қыр-сырымен таныстырды.

Іс-шара барысында «AQ» студиялары, «87 band» музыкалық тобы, «AQ» би ұжымы, аудио студия, «Жасыл мектеп» жылыжай жобасы, «Зерделі зейін» бағыты және «Шебердің қолы алтын» қолөнер алаңы өз жұмыстарын ұсынып, оқушылардың қызығушылығын арттырды. Әрбір алаңда жасалған шеберлік сабақтары мен интерактивті таныстырылымдар білім алушыларға нақты дағдыларды көріп, болашақ мамандығын саналы таңдауға мүмкіндік берді.

Smart Grid мен ЖИ-инженерлері: Елімізде жаңа мамандықтар пайда болады

Осындай маңызды іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан барлық оқу орындарына, мамандарға, ата-аналарға және серіктестерге шынайы алғысымызды білдіреміз. Сіздердің қолдауларыңыз – өскелең ұрпақтың жарқын болашағына жасалған үлкен инвестиция.

Бүгінгі оқушы – ертеңгі білікті маман. Сондықтан жас ұрпақтың өз жолын дұрыс таңдап, ел дамуына үлес қосатын кәсіби тұлға болып қалыптасуы – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Соңғы жаңалықтар