• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
14 Мамыр, 2015

Ақтөбеде 6 күнде 52 қылмыс ізі суымай ашылды

319 рет
көрсетілді

АҚТӨБЕ. 14 мамыр. Ақтөбеде мереке күндері, яғни, 6-12 мамыр аралығында құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қылмыспен күресті күшейту мақсатында ішкі істер органдарының жеке құрамы күшейтілген режимде жұмыс істеді. Нәтижесінде осы күндер аралығында 52 қылмыс ізі ашылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Қоғамдық тәртіпті сақтауға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамсыз етуге 1 500-ден астам қызметкер жұмылдырылды. Оның ішінде №6655 әскери бөлімі, Ақтөбе облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті және төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері болды. 52 қылмыстан бөлек, бұрын жасалған 14 қылмыс, оның ішінде өткен жылы жасалған 3 қылмыс ашылды. Бұдан басқа, 6 күн ішінде «мүлдем төзбеушілік» тәртібімен 3 441 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде жол қауіпсіздігі бойынша – 2 551 және көлікті мас күйінде жүргізген 46 дерек тіркелді. Полиция қызметкерлерінің қырағы әркетінің нәтижесінде мерекелік іс-шаралар өткізілген жерлерде және қоғамдық орындарда тәртіп бұзу, сондай-ақ, аса ауыр қылмыстар болған жоқ. Сатыбалды Сәуірбай. Дерек: egemen.kz. Сурет: lada.kz.