• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
14 Мамыр, 2015

Атырауда экспортталған мұнайдан 4 айда 130 млрд. теңге табыс түсті

315 рет
көрсетілді

АТЫРАУ. 14 мамыр. Атырау облысынан 4 айда мұнайды сыртқы нарыққа экспорттаудан мемлекет бюджетіне 130 млрд. теңге көлемінде кіріс түсті. Бұл туралы облыстық мемлекеттік кіріс департаментіне қарасты энергетикалық кеден бекетінің басшысы Ерлан Аменов мәлім етті. «2015 жылдың 4 айында Атырау облысынан шикі мұнайды сыртқа шығарудан мемлекет бюджетіне 130 млрд. теңге көлемінде кіріс түсті. Бұл көрсеткіш өткен жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда 35 пайызға артты. «Қара алтынның» экспорттағы үлесі 99,6 пайызға дейін ұлғайды. Атырау өңірінен өндірілетін шикі мұнайды ірі көлемде сатып алушылар қатарында Италия, Нидерланды, Франция, және Түркия бар. Мұнай экспорты құбыр және теміржол көлігі арқылы Новороссийск, Тамань, Усть-Луга және Приморск порттарына жеткізіліп, әрі қарай су көлігімен сатып алушы елдерге тасымалданады», – деді энергетикалық кеден бекетінің басшысы. Қазіргі уақытта аталған кеден бекетінде мемлекеттік бюджетке аса көп көлемде кіріс түсіретін «Теңізшевройл», «Анако», «Матен Петролеум» серіктестіктері мен «КаспийНефть» акционерлік қоғамы секілді 40-қа жуық кәсіпорын рәсімделген. Жолдасбек Шөпеғұл. Дерек:egemen.kz. Сурет: Рахым Қойлыбаев.