• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
14 Мамыр, 2015

Қостанайдағы қырылған киіктердің саны 1 мыңға жетті

313 рет
көрсетілді

ҚОСТАНАЙ. 14 мамыр. Қостанай облысында қырылған киіктердің саны бір мыңға жетті. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Осыдан 11 мамыр күні Амангелді ауданындағы Жолаба деген жердегі қырыған киіктердің саны 117 болатын. Ауыл шаруашылығы министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің инспекторлары бүгінге дейін өлген киіктің санын бір мыңға жеткенін мәлімдеді. Осыған дейін киіктер көтеремдіктен қырылып жатыр деген болжам айтылған еді. Сонда да мамандар топырақтың, судың, биологиялық материалдардың сынамасын алып тексеруде. Сонымен қатар өлген киіктердің де сынамасы алынып, республикалық лабораторияға жіберілді. Оның сараптамалық қорытындысы бір аптадан кейін дайын болатыны айтылды. Киіктердің қырылуы 2012 жылы да орын алған болатын. Онда 926 ақбөкеннің қырылуына пастереллез себеп болған еді. Ауыл шаруашылығы министрлігіндегі мамандар киіктердің қырылуы осыдан үш жыл бұрынғы көріністі еске салатынын айтып отыр.  Онда да ұзақ қыстан теңселіп, көтерем шыққан киіктің ешкілері төлдейтін кезде жұқпалы ауруға төтеп бере алмаған болатын. 2014 жылғы санақ бойынша Қазақстанда ақбөкеннің 256,7 мың ешкісі бар. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, сурет: egemen.kz