• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
28 Маусым, 2015

Елбасы Италия премьер-министрімен кездесті

208 рет
көрсетілді

АСТАНА. 28 маусым. Елбасы Италия премьер-министрі Маттео Ренцимен кездесті. Бұл туралы akorda.kz хабарлады. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты сауда-экономика, инвестиция, отын-энергетика салаларында одан әрі нығайту жолдары талқыланды. Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі мейлінше өзекті мәселелер жөнінде де пікір алмасты. Нұрсұлтан Назарбаев пен Маттео Ренци Қазақстан-Италия ынтымақтастығының әлеуетін арттыра түсудің маңыздылығына тоқтала отырып, бұл үшін қажетті күш-жігер жұмсауға әзір екендіктерін атап өтті. Еламан Қоңыр. Дерек, сурет: akorda.kz.