• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
14 Мамыр, 2015

Атырауда көп сериялы фильм түсірілді

477 рет
көрсетілді

АТЫРАУ. 14 мамыр. Атырау облысында «Өмірзая» деп аталатын 5 сериялы фильм түсірілді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Фильмнің қоюшы режиссері міндетін «Қазақстан-Атырау» телеарнасының директоры Асқар Әшімов атқарса, сценариін осы ұжымдағы жас журналист Нұрберген Мақым жазған. Ал басты рөлдерде Махамбет атындағы драма театрының актерлары Сәбит Қожабеков, Қанат Ізет, Алтынбек Құрманов және Қалибек Қуанышбаев атындағы академиялық музыкалық драма театрының актері Нартай Сәрсенбаев ойнады. Атырау қаласында және Махамбет ауданы аумағында түсірілген фильмнің әр сериясының ұзақтығы – 45 минут. Облыстық дін істері басқармасының мемлекеттік тапсырысымен түсірілген кинотуындыда жастарды дәстүрлі емес ағымдарға тартып, экстремистік пиғылдағы топтарға алдап шақырушылардың бейнесі әшкереленеді. Фильмнің бюджеті 10 млн. теңгені құраған. Жолдасбек Шөпеғұл. Дерек, сурет: egemen.kz.