2010 жылғы 12-15 шілде аралығында Джакарта қаласында (Индонезия) Азия елдерінің конституциялық соттары мен конституциялық бақылау органдары судьяларының “Сайлау үдерісін қамтамасыз етудегі конституциялық құқық” атты 7-конференциясы болып өтті. Оның жұмысына 24 елдің және екі халықаралық ұйымның өкілдері, солардың ішінде, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы И.Рогов басшылық жасаушы қазақстандық делегация қатысты. Конференцияның ашылуында Индонезия Республикасының Президенті Сусило Бамбанг Юдхойоно сөз сөйледі. Азия елдерінің конституциялық соттары мен конституциялық бақылау органдары қауымдастығының құрылуы конференцияның маңызды іс-шараларының бірі болды.
ҚР Конституциялық Кеңесінің Төрағасы И.Рогов “Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің сайлау үдерісінде конституциялық заңдылықты қамтамасыз етудегі рөлі” тақырыбында баяндама жасады.
Конференция аясында ҚР КК Төрағасы Индонезия Конституциялық Сотының Төрағасы М.Махфудпен кездесті. Кездесу барысында осы елдерде конституциялық заңдылықты нығайту және конституциялық юстиция органдарының ынтымақтастығын тереңдету мәселелері талқыланды. Жаңадан құрылған Қауымдастыққа ҚР Конституциялық Кеңесінің мүше болып кіруіне қатысты И.Рогов бұл мәселенің қазақстандық заңнамада белгіленген рәсімдерге сәйкес шешілетінін мәлімдеді.
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің баспасөз қызметі.