• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 11:22

АҚШ-та әуе шоуы кезінде екі әскери ұшақ соқтығысты

30 рет
көрсетілді

АҚШ-тың Айдахо штатында өткен әуе шоуы кезінде екі жойғыш ұшақ соқтығысты. Оқиға Маунтин-Хоум әскери әуе базасында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Куәгерлер түсірген видеода әскери ұшақтардың арнайы әуе көрсетілімін орындап жүргені, кейін бір біріне соқтығысып, жарқыл пайда болғаны көрінеді. Екі экипаж мүшесі де дер кезінде ұшақтан арнайы механизм арқылы секіріп үлгерген.

Америкалық БАҚ мәліметінше, соқтығысқан ұшақтар – Boeing EA-18G Growler жойғыштары. Олар арнайы демонстрациялық топ құрамында өнер көрсеткен.

Қазіргі уақытта апаттың нақты себептері ресми түрде жарияланған жоқ. Оқиғаға байланысты тергеу басталды.

Еске салайық, бұған дейін америкалық «Frontier Airlines» әуе компаниясының «Airbus A321» ұшағы Денвер халықаралық әуежайында ұшу жолағында адамды қағып, мерт қылды.

Сондай-ақ Американың Кейп-Код мүйісіндегі әуежайда Bearhawk LSA-8X маркалы жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшыраған еді.

Соңғы жаңалықтар