• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
14 Мамыр, 2015

Батыс Қазақстанда жыл басынан бері автокөлік саны күрт көбейді

237 рет
көрсетілді

ОРАЛ. 14 мамыр. Батыс Қазақстан облысында 2015 жылдың бірінші тоқсанында 192 650 автомобиль тіркелген. Облыста көліктің күрт көбеюін жол сақшылары Ресей рублі бағамының төмендеуімен және біздің азаматтардың сатып алу қабілетінің өсуімен байланыстырып отыр. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының ішкі істер департаментіне сілтеме жасап, egemen.kz тілшісі хабарлады. «Тек соңғы үш жылда Орал өңіріндегі автомобильдердің саны 50 мыңға артты. Мысалы, 2014 жылы облыста 185 мың автокөлік тіркелсе, тек 2015 жылдың I тоқсанының өзінде оның саны 192 мыңнан асып түсті», – деп мәлімдеді Батыс Қазақстан облысы ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Сағат Мәдиев. Сонымен бірге ол кедендік одақ қызметінің жаңа деңгейге көтерілуіне орай транзиттік көліктер шоғыры да арта түскенін айтты. Мәселен, 2014 жылдың үш айында Ақжайық аймағы арқылы 248 мың автомобиль өткізілсе, 2015 жылы оның саны 280 мыңға жеткен. «Республикалық маңызы бар жолдарда автокөлік тасқынының көбеюі жол-көлік оқиғасының жиілеуіне әсер етпей қоймайды», – дейді Сағат Мәдиев. Темір Құсайын. Дерек: egemen.kz. Сурет: kapital.kz.