Семей қаласында полиция қызметкерлері коммуналдық мекеме өкілдері және еріктілермен бірлесіп көпқабатты үйдегі антисанитариялық жағдайға айналған пәтерді тазарту жұмыстарын жүргізді. Пәтерден шамамен он КамАЗ тұрмыстық қалдық шығарылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Арнайы қызметтердің шұғыл әрекет етуіне тұрғындардың көптен бері айтқан шағымдары себеп болған. Көршілер пәтерден шыққан өткір сасық иіске, жәндіктер мен кеміргіштердің көбеюіне, сондай-ақ жиналған қоқыстың өрт қаупін тудырып отырғанына алаңдаулы.
Оқиға орнына барған учаскелік инспекторлар пәтердегі антисанитариялық жағдайдың өте ауыр екенін анықтады. Бөлме ескі заттар, пакеттер және тағам қалдықтарына толып кеткен. Қоқыс төбеге дейін жиналғаны айтылды.
Тынысы тарылған Әйтей: Қоқыс полигонының мәселесі қашан шешіледі?
Пәтерді толық тазарту үшін коммуналдық қызметкерлер мен еріктілерге бір күнге жуық уақыт кеткен.
Полиция департаментінің мәліметінше, қоқысқа толы пәтер тұрғындар үшін үлкен қауіп төндірген. Мамандар өрт шығу қаупі жоғары болғанын, сондай-ақ инфекциялық аурулардың таралуы мен санитарлық талаптардың өрескел бұзылу қаупі бар екенін атап өтті.
Пәтер иесі – егде жастағы әйелмен профилактикалық әңгіме жүргізілген. Құқық қорғау органдары мұндай жағдайлар көбіне психологиялық мәселелермен немесе оқшаулануға байланысты болуы мүмкін екенін айтып, оған медициналық және әлеуметтік көмек ұсынылғанын хабарлады.
Қағазда – «қанттай», көшеде – қоқыс: Үндеуге үн қоспаған Үржар
Абай облысы полиция департаменті тұрғындарды өмірге, денсаулыққа немесе санитарлық қауіпсіздікке қатер төндіретін жағдайлар туралы дер кезінде құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырды.