Астана қаласында тәртіп сақшысын алдаған екі пранкер әкімшілік жауапқа тартылды. Олардың бірі 10, екіншісі 15 тәулікке қамалды, деп жазады Egemen.kz.
Бейнежазбада белгілі болғандай, Қайық арнасының жағасында қыз бала полиция қызметкеріне суға әлдекімнің батып жатқанын айтып, құтқаруын өтінген. Осылайша, олар құқық қорғау органдары қызметкерінің дайындығын тексермек болған.
Полиция қызметкері суға киімімен секіріп, «батып жатқан» адамды құтқарып, жағаға сүйреп шығарған. Жиекке шыққан соң, өзінің алданғанын білген.
Нартай Аралбайұлы: Пранк жасаймын деп қоғамдық тәртіпті бұзатындар көбейіп кетті
Тәртіп сақшысы арнайы күзет қызметінде жұмыс істейді. Құзырлы мекеме оның аты-жөнін жарияламады.
Полиция мұндай әрекетке жол берілмейтінін, қоғамдық тәртіпті бұзуға жататынын ескертті.
«Автор және көрініске қатысушы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Сот шешімімен олар 15 және 10 тәулікке қамалды», деп хабарлады қала полициясы.
Астана полициясы азаматтарды қоғам тәртібін, су қоймаларында қауіпсіздік ережелерін сақтауға кеңес берді.
Атырауда пранк жасамақ болған үш жігітке айыппұл салынды