• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Білім Бүгін, 13:54

«119 жоба, 119 мүмкіндік – бір болашақ»: Елордалық оқушылар ғылыми жобаларын таныстырды

Астанадағы №119 жайлы мектепте 2025-2026 оқу жылының қорытындысы аясында «119 жоба, 119 мүмкіндік – бір болашақ» шарасы ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – оқу жылы барысында жүзеге асырылған жобалық жұмыстарды қорытындылау, оқушылардың зерттеушілік, шығармашылық қабілеттерін дамыту бағытындағы нәтижелерді көрсету және педагогтердің үздік тәжірибелерін тарату, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әдістемелік орталық мамандары, ата-аналар қауымдастығы, педагогтер мен мектеп оқушылары қатысты. Қонақтар мектептегі білім беру үдерісіндегі жаңашыл бағыттармен, оқушылардың жетістіктерімен және шығармашылық жұмыстарымен танысты.

Бірінші бөлімде мектептің өнерлі оқушылары мерекелік концерттік бағдарлама ұсынып, қонақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Оқушылар патриоттық және тәрбиелік мәні жоғары әндер орындап, театрлық қойылым көрсетті. Сонымен қатар ұлттық өнерді насихаттау мақсатында домбырада күйлер орындалды. Оқушылардың сахна мәдениеті мен шығармашылық қабілеттері көрермен тарапынан жоғары бағаланды.

Екінші бөлімде 1-10 сынып оқушыларының ғылыми-зерттеу және шығармашылық жобаларының көрмесі ұйымдастырылды. Көрме барысында оқушылар өз жобаларын таныстырып, зерттеу жұмыстарының мақсаты мен нәтижелері туралы жан-жақты ақпарат берді. Ұсынылған жұмыстар экология, цифрлық технология, оқу сауаттылығы, STEAM бағыты, ұлттық құндылықтар, жаратылыстану және әлеуметтік бағыттарды қамтыды. Қонақтар оқушылардың зерттеушілік дағдыларына, шығармашылық ізденістеріне және жобаларды қорғау деңгейіне оң пікір білдірді.

Үшінші бөлімде іс-шараға қатысқан қонақтардан кері байланыс алынды. Әдістемелік орталық мамандары мектептегі жобалық жұмыстардың жүйелі ұйымдастырылғанын атап өтіп, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған жұмыстарға жоғары баға берді. Ата-аналар тарапынан да іс-шараның мазмұнына, оқушылардың белсенділігіне және мектептің шығармашылық ортасына қатысты оң пікірлер айтылды.

«119 жоба, 119 мүмкіндік – бір болашақ» атты үздік тәжірибе алаңы мектептің білім беру мен тәрбие бағытындағы жүйелі жұмысының нәтижесін көрсеткен маңызды іс-шара болды. Іс-шара оқушылардың ғылыми ізденісін, шығармашылық қабілетін дамытуға, ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және педагогтердің тәжірибе алмасуына тиімді мүмкіндік берді.

Соңғы жаңалықтар