АСТАНА. 14 мамыр. Таиландтың Патайя қаласында шахматтан оқушылар арасында өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрама командасы екі алтын, екі күміс және үш қола медальді жеңіп алды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Сөйтіп, алтын жүлде бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте төртінші орынды алды.
Әлем чемпионатында Әмина Қайырбекова (Астана) мен Жанат Сайын (Орал) алтын медальді жеңіп алса, күміс жүлдеге Дениза Құрманәлина (Алматы) мен Алдияр Аңсат (Астана) ие болды. Ал үшінші орынды Назерке Нұрғали (Қызылорда), Қазыбек Нөгербек (Астана) пен Арыстанбек Оразаев (Ақтөбе) иеленді.
Дастан Кенжалин.
Дерек, сурет: egemen.kz