• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Экономика Бүгін, 13:04

Қазақстан мұнай экспортының баламалы бағыттарын кеңейтуді қарастырып жатыр

Қазақстан мұнай экспортын баламалы бағыттар арқылы кеңейтуді қарастырып жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министрдің айтуынша, ел мұнай экспортын арттыру және тасымал шығындарын азайту бағытында жұмыстарын жалғастырып жатыр. Бұл өз кезегінде экспорт көлеміне тікелей әсер етеді.

«Бізде жоспар бойынша 2,2 млн, бірақ 3 млн-ға дейін жеткізе аламыз. Ақтау портында бізде мұндай мүмкіндіктер бар», деді Ерлан Ақкенженов.

Қазақстанда жылына 10 млн тонна мұнай өңдейтін төртінші зауыт салынады

Сондай-ақ ол Баку – Тбилиси – Джейхан бағыты арқылы жеткізілімдерді кеңейту мәселесі қарастырылып жатқанын атап өтті. Министрдің айтуынша, Әзербайжан тарапы Қазақстан мұнайының қосымша көлемдерін қабылдауға дайын.

«Әзербайжан тарапы Қазақстаннан келетін мұнай көлемін көбірек қабылдауға дайын екенін білдірді. Бұл өзара байланысты процесс, себебі тасымал құны төмендемейінше қосымша жеткізілімдерді арттыру да қиын», деді министр.

Еске сала кетейік, бұған дейін жауапты министрлік «Дружба» мұнай құбыры арқылы транзиттің уақытша тоқтауына байланысты Германияға мұнай баламалы жолдар арқылы жеткізілетінін мәлімдеген болатын.

Соңғы жаңалықтар