• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Заң Бүгін, 13:16

Күш қолданып, ақша аударуға мәжбүрлеген: Астанада алты шетелдік адам ұрлағаны үшін сотталды

Астананың «Сарыарқа» ауданының прокуратурасы адам ұрлау және өз бетінше билік ету үшін қатаң жауапкершіліктің қарастырылғанын еске салады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аталған прокуратурамен Орталық Азия мемлекеттерінің бірінің алты азаматына қатысты адам ұрлау және өз бетінше билік ету фактілері бойынша қылмыстық іс бойынша мемлекеттік айыптау қолдау тапты.

Сот талқылауы барысында 2024 жылғы 9 желтоқсанда топ қатысушыларының бірі орындалмаған қызмет үшін ақша талап етіп, жәбірленушіге күш қолданып, оны 80 мың теңгені аударуға мәжбүрлегені анықталды.

«Кейін алдын ала сөз байласқан адамдар тобы пайдакүнемдік ниетпен күш қолдану арқылы жәбірленушіні Астана қаласының аумағында ұрлап әкеткен», делінген хабарламада.

Елімізде некеге мәжбүрлеу мен адам ұрлауға қатысты заң өзгереді

Мемлекеттік айыптаушымен сотталушылардың кінәсін дәлелдейтін жеткілікті айғақтар ұсынылды.

«Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2026 жылғы 5 ақпандағы үкімімен бес адам алдын ала сөз байласқан адамдар тобының пайдакүнемдік ниетпен жасаған адам ұрлау қылмысы үшін 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Топтың бір қатысушысы адам ұрлауға көмектескені және өз бетінше билік еткені үшін 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды», делінген хабарламада.

Астана қаласының прокуратурасы адам ұрлағаны үшін заңнамада 15 жылға дейін, ал өз бетінше билік еткені үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін еске салады.

Бұған дейін Ақтөбе қаласында аулада ойнап жүрген кішкентай қызды бейтаныс бойжеткен өзімен бірге ертіп кетпек болғаны туралы хабарлағанбыз.

Соңғы жаңалықтар