Астанада 1-30 маусым аралығында Сауран көшесінің бойындағы қосалқы жол толық жабылады, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Шектеу Алматы көшесінен Керей-Жәнібек хандар көшесіне дейінгі аралықта енгізіледі.
Әкімдік мәліметінше, жол инженерлік желілерді жүргізу жұмыстарына байланысты жабылып отыр.
Алматыда бір бағытты көшелердің саны артады
Қала тұрғындары мен жүргізушілерге бағыттарын алдын ала жоспарлап, қозғалыстағы өзгерістерді ескеру ұсынылды. Жөндеу аумағында уақытша жол белгілері мен бағыттағыштар орнатылады.
Еске салайық, 25-29 мамыр күндері Астананың бірқатар көшесінде көлік қозғалысы шектеледі.