• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Экономика Бүгін, 11:24

Қазақстанға 200 тоннадан астам бүлінген астықты кіргізуге тосқауыл қойылды

Ауылшаруашылық министрлігінің мемлекеттік инспекция комитеті аумақтық инспекцияларының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары фитосанитариялық бақылау жүргізу барысында елімізге залалданған ірі көлемдегі карантиндік өнімдерді әкелу әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz

Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында Ресейден карантиндік және фитосанитариялық қауіпсіздік талаптарын сақтамаған 200 тоннадан астам азық-түлік астығы — бидай мен арпа анықталды. Импортталған өнімдерден қауіпті карантиндік нысандар, атап айтқанда үш тілімді ойраншөп, жатаған кекіре (қызғылт) және арамсояу анықталды.

Инспекторлар жедел шараларының арқасында жүктің 128 тоннадан астам бөлігі экспорттаушы елге кері қайтарылды.

Өнім иелеріне әкімшілік хаттамалар толтырылды.Іс материалдары қолданыстағы ҚР заңнамасына сәйкес кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту үшін сот органдарына жолданды.

Соңғы жаңалықтар