• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
15 Мамыр, 2015

Мексикада АҚШ азаматы 199 жылға сотталды

273 рет
көрсетілді

АСТАНА. 15 мамыр. Мексикада балалардың бейәдеп суреттерін дайындап, таратқан АҚШ азаматы 199 жылға сотталды. Сондай-ақ, ол сот үкімімен 96 мың доллар көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Бұл туралы lenta.ru хабарлады. Тергеу мәліметтеріне қарағанда, АҚШ азаматы кәмелетке толмаған қызды анасының келісімімен суретке түсіріп, оны электронды пошта арқылы өзге елдердегі тапсырыс берушілерге таратып немесе ғаламторға салып отырған. Айыптының аты-жөні әлі күнге жарияланған жоқ. Оның тек Колима штатының батысында орналасқан Мансанильо қаласында қолға түскені ғана белгілі. Бүлдіршін қыздың анасы да түрмеге қамалды. Мексика елінде балалар порнографиясымен күрес жүргізетін арнайы қызмет – әйелдерге қарсы қылмыстар мен адам саудасы бойынша прокурордың арнайы басқармасы жұмыс істейді. Аталған қызметтің ақпараттарына қарағанда, соңғы 5 жыл ішінде қызметкерлер ғаламтордан балалардың бейәдеп суреттері мен видеоларын жариялаған 4 мыңнан астам сайтты әшкерелеген. Ондағы жарияланған өнімдердің барлығы Мексикада түсірілгені анықталған. Еламан Қоңыр. Дерек: lenta.ru. Сурет: 112.ua.