• RUB:
    5.43
  • USD:
    472.62
  • EUR:
    513.22
Басты сайтқа өту
16 Шілде, 2010

КҮН ТӘРТІБІНДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕР СӨЗ БОЛДЫ

520 рет
көрсетілді

Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Швейцарияның Федералдық Президенті Дорис Лойтхардпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Әңгімелесу барысында мем­лекет бас­шы­лары алдағы уақытта, 16-17 шілдеде Алматыда өтетін ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекет­тердің сыртқы істер министрлерінің бей­ресми кездесуін есепке ала оты­рып, Еуропа­дағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым­ның күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде пікір алмасты. Тараптар екі елдің ха­лық­ара­лық қаржы институттарындағы ынты­мақ­тас­тығының перспек­ти­ва­сын, сондай-ақ екіжақты сауда-эконо­микалық ынтымақтастықты одан әрі дамытудың жолдарын талқылады.