• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
15 Мамыр, 2015

Оралда қыркүйектен бері 560 миллион теңгенің мүлкі жарияланды

218 рет
көрсетілді

ОРАЛ. 14 мамыр. Батыс Қазақстан облысының – орталығы Орал қаласында өткен жылдың 1 қыркүйегінен бері 560 миллион теңгенің мүлкі жарияланды. Бұл туралы Орал қаласы аумағында мүлікті жария ету жөніндегі арнайы комиссияның мәліметіне сүйеніп, egemen.kz тілшісі хабарлады. Мемлекет басшысы 2014 жылдың маусымында «Қазақстан республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан республикасында тұруға ыхтияр хаты бар тұлғаларға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рахымшылық жасау туралы» Заңға қол қойғаны белгілі. Осы заңды жүзеге асыру және орындауға байланысты өткен жылдың 1 қыркүйегінен бастап елімізде жария ету ісі басталды. Бұл науқан 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады. Осыған орай Орал қаласы аумағында да мүлікті жария ету жөнінде арнайы комиссия құрылды. Олардың таратқан мәліметіне сүйенсек, қазіргі күнге дейін комиссия қызметіне 1 171 адам жүгінген. Соның ішінде Орал қаласы бойынша күні бүгінге дейін 560 миллион теңгенің мүлкі жарияланған. Мүлікті жария ету бойынша түскен өтініштерді арнайы комиссия 1 ай мерзім ішінде қарап, шешім шығарады. Темір Құсайын. Дерек: egemen.kz. Сурет: gazeta.kz.