АҚТАУ. 15 мамыр. Маңғыстау облысында қақпанға леопард түсті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Қарақия ауданының Құрық ауылы маңында қақпанға түсіп, мерт болған аңды жергілікті тұрғындар леопард деп отыр. Бұл туралы facebook әлеуметтік желісін қолданушылардың бірі жеке парақшасында жариялаған.
Леопард жергілікті шаруа қожалығындағы малшылар малға шауып маза бермей жүрген қасқырға деп құрған қақпанға түсіп қалған. Маңғыстау облысы прокуратурасының қызметкерлері әзірге бұл жайттан хабарсыз. Олар істі анықтағаннан соң жауап беретіндіктерін айтты.
Орманды аймақта кездесетін мысық тұқымдас барыс бұрын Орта Азияда тіршілік етіп, осы күнге дейін жойылып кеткен деп саналып келген болатын.
Гүлайым Шынтемірқызы.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: nur.kz.