• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
15 Мамыр, 2015

Қызылордада Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған конференция өтті

310 рет
көрсетілді

ҚЫЗЫЛОРДА. 15 мамыр. Қызылорда қаласында «Қасқа жолды Қасым хан» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Бұл туралы Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Конференция жұмысына Жоғарғы Соттың судьясы Б.Мақұлбеков, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда облыстық соттарының төрағалары мен судьялары, республикаға белгілі ғалымдар, құқық қорғау органдарының өкілдері, жоғары оқу орындарының ғылым қызметкерлері мен оқытушылары, облыстың ардагерлер кеңесінің мүшелері мен жастар ұйымдарының белсенділері және де БАҚ өкілдері қатысты. Жоғарғы Соттың судьясы Б.Мақұлбеков шараны ашып, Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәмидің ашық хатын оқып берді: «Сыр бойында маржандай тізіліп жатқан қалалардың ішіндегі ең маңызды, тарихи орын – Сығанақ қаласы. Оның 1468 жылы Қазақ хандығының тұңғыш астанасы болғаны туралы зерттеуші Адырбек Сопыбековтың еңбегінде кеңінен жазылған. Бұдан басқа Сыр бойында жатқан Сауран, Созақ, Отырар, Түркістан, Жент, Баршынкент және тағы басқа да қалалардың Қазақ хандығынының экономикалық күш-қуатын нығайтудағы рөлі зор болғанындығын атап көрсетті. Өңірлік конференцияға Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының судьяларын, заңгерлерді және тарихшылар мен этнограф ғалымдарды шақырудағы негізгі мақсат – мемлекетіміздің тарих қойнауында жатқан дерек көзін, құпия сырын ашып, ұрпақтар жадына сіңіру», – делінген ашық хатта. Конференция барысында доктор-профессорлар, сот судьялары әр түрлі тақырыптарда баяндамалар жасады. Айта кету керек, конференция материалдарынан жинақ құрастырылатын болады. Ержан Байтілес. Дерек, сурет: egemen.kz.