• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт 14 Маусым, 2026

Әлем кубогі: Қазақ боксшыларының қарсыластары анықталды

15-21 маусым аралығында Қытайдың Гуйян қаласында World Boxing ұйымының аясында бокстан Әлем кубогының екінші кезеңі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Бокс бәсекесіне әлемнің 44 елінен 333 спортшы қатысады. Қазақстан құрамасы турнирде ерлер және әйелдер арасындағы жарыстарда толық құраммен өнер көрсетеді.

Ерлер

50 келіСанжар Тәшкенбай жарысты ширек финалдан бастайды. Оның қарсыласы Гонконг пен Қырғызстан боксшылары арасындағы жекпе-жектің жеңімпазы болады.

55 келі1/16 финалТимур Қабдешов – Келви Триндад (Бразилия)

60 келі1/16 финалСерік Теміржанов – Денис Бриль (Германия)

65 келі1/16 финалСанатәлі Төлтаев – Малик Хасанов (Әзербайжан)

70 келі1/8 финалАбылайхан Жүсіпов – Кайан Рейес (Бразилия)

75 келі1/8 финалТимур Нұрсейітов – Тадхг О’Донелл (Ирландия)

80 келі1/16 финалСабыржан Аққалықов – Хиабао Уанг (Қытай)

90 келі1/8 финалНұрбек Оралбай – Гичшае Ким (Оңтүстік Корея)

+90 келі1/8 финалАйбек Оралбай – Нажай Райт (АҚШ)

Головкин әлемдік бокс аңыздарының қатарына қосылды

Әйелдер

51 келіАлуа Балқыбекова 1/8 финалда Венесуэла мен Таиланд боксшылары арасындағы кездесудің жеңімпазымен қолғап түйістіреді.

54 келі1/8 финалНазым Қызайбай – Им Э Джи (Оңтүстік Корея), Париж Олимпиадасының қола жүлдегері.

60 келіВиктория Графеева жарысты ширек финалдан бастап, Канада немесе Оңтүстік Корея өкілімен кездеседі.

65 келіАида Әбікеева ширек финалда АҚШ немесе Моңғолия боксшысымен күш сынасады.

70 келі1/8 финалЛаура Есенкелді – Униа Мартинес Мас (Испания)

75 келі1/8 финалНаталья Богданова – Зио Бао (Қытай), қазіргі Азия чемпионы.

80 келіВалерия Аксенова жарысты жартылай финалдан бастап, Өзбекстан немесе Франция спортшысымен кездеседі.

+80 келі1/4 финалДина Исламбекова – Лиона Дарси (Ирландия)

Естеріңізге салайық, Әлем кубогінің алғашқы кезеңі Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтіп, Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте үшінші орын алған болатын. Отандастарымыз үш алтын, бір күміс және үш қола медаль жеңіп алған болатын. 

Соңғы жаңалықтар