• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
17 Шілде, 2010

АРАЛДЫҢ БОЛАШАҒЫ АЛДА

712 рет
көрсетілді

Жұма күні Алматыда БҰҰ Бас хат­шы­сының орынбасары, БҰҰ-ның Еуро­палық экономика­лық комиссиясының атқарушы хатшы­сы Ян Кубиш­тің, сон­дай-ақ БҰҰ-ның Еуропалық экономи­калық комиссиясының Қоршаған орта жөніндегі аумақтық кеңесшісі Бо Ли­берт­тің Халықаралық Аралды құтқару қоры (ХАҚҚ) атқарушы комитетінің өкілдерімен кездесуі болды. Осы бір шараның өтуінің өзі­нен-ақ біраз жайды аңғарғандай боласың. Халық­ара­лық бас ұйым Арал өңіріндегі қалыптасқан күр­­делі жағдайға бейжай қарамайды, оны сауық­тыруға белсенді аралас­пақ. Ал мұны жер­гі­лікті өңірдің өкіл­дері тиімді пайдалануы керек-ақ. Бұл игі қарым-қатынас биылғы сәуір айында БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның Орта Азия елде­рін, оның ішінде Арал теңізі өңірін аралағаннан кейін айтарлықтай белсенді де нақты сипатқа ие бол­ған. БҰҰ басшысы ХАҚҚ атқару­шы комитеті тарапынан жүр­гізіліп жатқан жұмыстарға жоғары баға бере отырып, алдағы уақытта БҰҰ та­­рапынан пәрменді қолдау көр­сеті­летінін мәлімдеген. Алматыға БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Ян Кубиш мырзаның келіп, ХАҚҚ атқарушы ко­митетіне мүше елдер өкілдерімен кез­десіп, болашақ істің бағыт-бағдарын әңгіме етуі халық­аралық бас ұйым басшысының тілек-уәделерінің нақты жүзеге асуы десе болар. Бүгінгі әңгіменің негізінде өт­кен жылғы сәуірде Алматыда өткен Арал өңіріне қатысты елдер бас­шы­ларының саммитінде қабылданған Біріккен мәлімдеме бойынша әзір­леніп жатқан 2011-2015 жылдарға “Арал теңізі бас­сейніндегі елдерге көмек көрсетуге бай­ланысты атқа­рылатын Бағдарла­ма­ны” әзірлеуге қатысты мәселелер жат­қа­ны бел­гілі. БҰҰ басшылығымен ХАҚҚ ат­қару комитеті мүшелері пікір­лері­нің бір арнада табысқанын сол кез­де­суден кейін ХАҚҚ атқарушы коми­те­тінің төрағасы Сағит Иба­тул­линнің, сон­дай-ақ Ян Кубиштің егжей-тег­жей­лі сөздерінен аңғар­ғандай боласың. Осының бәрінен шығарылатын қорытынды – бүкіл әлем алаңдап отыр­ған Арал өңіріндегі жағдайды сауық­тыруға байланысты қыруар шаруа тындырылып жатыр, алдағы уақытта бұл жұмыс өрістей түспек. Айтар­лық­тай қаржы бөліп отырған демеушілер де бар екен, ауқымды жұмысты үйлес­тірушілер де істің көзін тауып жатқан көрінеді. Ең бастысы – бұл мәселе халық­ара­лық ұйымдардың назарында, қамқорында. Халықаралық ұйымдар басшы­лары­ның кездесуінен кейінгі әңгі­меде қатысқан журналистер көңілді өсірер сөздер естіді. Оның басты маз­мұны – Аралдың болашағы бар екен, өйткені оған арашашылар табылып отыр. Мамадияр ЖАҚЫП.