• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Футбол Кеше

Испанияға қарсы ойнаған Кабо-Верде қақпашысы бір түнде әлемдік жұлдызға айналды

Әлем чемпионатында Кабо-Верде ұлттық құрамасының қақпашысы Возинья Испанияға қарсы матчтан кейін әлеуметтік желілерде үлкен танымалдыққа ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Возинья топтық кезеңіндегі алғашқы турдың үздік ойыншысы атанды. 0:0 есебімен тең аяқталған ойында Испания құрамасы 27 соққы жасаған. Оның 7-еуі қақпаға дәл бағытталған. Алайда 40 жастағы қақпашы бірнеше қауіпті сәтті қайтарып, командасын жеңілістен сақтап қалды.

Ойыннан кейін Еуропа чемпионына қарсы тең нәтиже көрсеткен қақпашы эмоциясын жасыра алмай, көзіне жас алды.

Матчқа дейін оның әлеуметтік желідегі жазылушылары шамамен 46 мың болса, ойыннан кейін 5,6 миллион жазылушыға жеткен.

Возинья клубтық деңгейде Португалияның «Шавеш» командасында ойнайды. Бүгінде қақпашының нарықтық құны шамамен 50 мың еуро деп бағаланады.

Әлем чемпионаты: Иран мен Жаңа Зеландия тең түсті

Айта кетейік, 21 маусым күні сағат 21:00-де Испания Сауд Арабиясы ұлттық құрамасына қарсы ойнайды. Ал Кабо-Верде құрамасы 22 маусымда сағат 03:00-де Уругваймен кездеседі.

Соңғы жаңалықтар