• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
15 Мамыр, 2015

Алматыда әлеуметтік идеяларға бағытталған жәрмеңке аяқталды

322 рет
көрсетілді

АЛМАТЫ. 15 мамыр. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт көшбасшысы қорының ұйымдастырған XI «Әлеуметтік идеялар және жобалар жәрмеңкесі - 2015» байқауы аяқталды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Байқауға 185 үкіметтік емес ұйымнан 203 әлеуметтік жоба келіп түскен. Қазылар алқасы қордың қаржылай қолдауына ие болатын 4 номинация бойынша 23 үздік жобаны таңдап алды. Айта кетейік, аталған жәрменке қордың қолдауымен 2008 жылдан бастап өткізіліп келеді. Осы уақыт ішінде оған Қазақстанның барлық аймақтарынан 5 мыңнан астам үкіметтік емес ұйым қатысқан. Байқаудың мақсаты елімізде орын алып отырған әлеуметтік маңызды проблемалардың шешу жолдарын ұсынған үкіметтік емес ұйымдар мен басқа да қатысушылардың жобаларын анықтап, оларды каржыландыру. Сондай-ақ, қор есебінен әрбір санат бойынша үздік жобаны таңдап және іске асыру үшін грант бөлу. Биылғы өткізілген жәрмеңкеде жаңадан бастау алған ұйымдардың жобалары стартап ретінде 1 миллион теңге мөлшерінде қаржыландырылды. Ал тәжірибесі бар қатысушылардың жобаларына 3 миллион теңге көлемінде қаржы бөлінбек. Айнаш Есали Дерек, сурет: egemen.kz.