• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Елорда Бүгін, 16:54

Астанада азық-түлікті тиімді бағада қайдан алуға болады?

Елорда тұрғындары мен қонақтары алдағы демалыс күндері өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде отандық өнімдерді тиімді бағамен сатып ала алады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, жәрмеңке 20-21 маусым күндері өтеді. Оған елордалық фермерлермен қатар Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қатысады.

Келушілерге жаңа піскен көкөністер мен жеміс-жидектер, ет және сүт өнімдері, ұн, нан-тоқаш өнімдері, табиғи шырындар, тосаптар, джемдер және басқа да азық-түлік түрлері ұсынылады.

Жәрмеңке екі күн бойы сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Алаш тасжолы, 35Б мекенжайындағы «Керуен жолы» сауда орталығы аумағында жұмыс істейді.

Үкімет пойыз арқылы азық-түлік тасымалдағандарға 70 пайыз жеңілдік береді

Ұйымдастырушылар тұрғындардың қолайлығы үшін жәрмеңке өтетін орынға №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307 және 317 бағыттағы автобустар қатынайтынын хабарлады.

Еске салайық, Алматыда аптап ыстыққа байланысты жәрмеңкелерде ет сатуға шектеу қойылды.

Соңғы жаңалықтар