ҚОСТАНАЙ. 15 мамыр. Рудныйдағы Сарбай карьерінде жол апаты орын алып, екі адам қаза тапты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Кенішке қарасты жолда «САТ» авто машинасы мен К-700 тракторы соқтығысқан. Жол кең, тегіс. Алдын ала болжамдарға қарағанда автомашина тракторды басып озып, биік жолдың қия жетінде тұрған тракторға соққан. Қатты күштің әсерінен трактор биіктен төмен қарай құлаған. Жол апатынан салдарынан 1956 жылғы трактор жүргізушісі мен оның жанындағы 1983 жылғы жолаушы қаза тапты. Жолаушы жігіттің аты Александр Морозов екнні анықталды, оның артында әйелі мен бір баласы қалды. «САТ» автомаинасының жүргізушісі де жақын арада әке болғалы жүр екен.
Жол апаты болған жерге комбинат басшылары келді. Қаза тапқандардың мәйітін төменнен алып шығу үшін тікұшақ және арнайы техникалар іске қосылды. Мәйіттерді жол апаты болған таңертеңгі жұмыс басталар уақыттан түстен кейінгі сағат 15.00-де бір-ақ алды. Әбден майысып қалған техникадан мәйіттерді алу оңай болған жоқ, арнайы техника күшімен ғана мүмкін болды. Қазір оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеуде.
Нәзира Жәрімбетова.
Дерек, сурет: egemen.kz