ҚЫЗЫЛОРДА. 19 тамыз. Қызылорда облысында екі бірдей спорт кешені ашылды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Жаңақорған ауданында заманауи үлгідегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылу салтанаты өтті. Кешеннің ашылу рәсіміне облыстық мәслихат хатшысы Ақмарал Әлназарова, облыс әкімінің орынбасары Рауан Кенжеханұлы, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының Садық Мұстафаев және аудан әкімі Руслан Рүстемов қатысты.
«Елбасының сарабдал саясатының нәтижесінде елімізде осындай әлеуметтік нысандар көптеп бой көтеруде. Соның бірі бүгін пайдалануға беріліп отырған спорттық сауықтыру кешені. Өскелең ұрпақтың дені сау, заман талабына сай қабілетті болып өсуіне мемлекет тарапынан барлық мүмкіндіктер жасалуда. Ендігі кезекте Жаңақорғанның жас жеткіншектері осы кешенде жаттығып, ел абыройын асқақтады деген сенімдеміз», – деді облыстық мәслихат хатшысы А.Әлназарова.
Спорттық сауықтыру кешенінде спорттың волейбол, баскетбол, бокс түрінен түрлі деңгейдегі жарыстар ұйымдастырылады. Сондай-ақ заманауи спорттық жабдықтармен қамтамасыз етілген жаттығу залы да бар.
Осы күні дәл осындай спорт кешені Қазалы ауданы Әйтеке би кентінде де пайдалануға берілді.
Ержан Байтілес.
Дерек, сурет: egemen.kz.