ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев ЕҚЫҰ сыртқы істер министрлерінің бейресми жиыны аясында өткен ЕҚЫҰ “үштігінің” отырысына қатысты. Осы тұста атап өтейік, Ұйымға 2009 жылы Грекия төрағалық еткен болатын. Ал 2010 жылы Қазақстан төрағалық етуде. Келесі, 2011 жылы Ұйымға Литва басшылық жасайтын болады.
Отырыста Ұйымның Іс басындағы төрағасы Қанат Саудабаев өзінің әріптестеріне Қазақстанның Астанада ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының жоғары деңгейдегі саммитін өткізу бастамасына қолдау көрсеткендері үшін алғысын білдіре келіп, біздің еліміздің төрағалығы барысындағы іс-шараларды атап өтті. Қазақстан Ұйымға төрағалық ете бастағалы жарты жылдан асты. Осы уақыт ішінде Қазақстан қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуде ауқымды жұмыстар атқарды. Оның барлығы Ұйымға қатысушы мемлекеттер мен халықаралық ұйымдарға жақсы таныс.
Отырыста “үштік”, сондай-ақ Қырғызстандағы жағдайды тұрақтандыру, оларға гуманитарлық көмектер көрсету және Ауғанстан проблемасына байланысты мәселелерді талқылады.