• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
16 Мамыр, 2015

Үкіметтің есебі таныстырылды

202 рет
көрсетілді

Парламент Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Қарақұсованың жетекшілігімен Үкіметтің 2014 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі таныстырылды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Құжат бойынша Қаржы ми­­нистрі Бақыт Сұлтанов пен Есеп комитетінің мүшесі Жансейіт Сәрсенқұлов баяндама жасады.

Республикалық бюджетке 2014 жылда 5 988,5 млрд.теңге, яғни жоспарланғанның 99,4%-ы түскен. Негізгі бөлік немесе түсімдердің жалпы көлемінде 98,7% кірістерге тура келді, ол 5 908,8 млрд. теңгені құрады (жос­пардың 99,3%-ы), оның ішінде салықтық түсімдер 3 666,1 млрд. теңге немесе 98,2%, салықтық емес түсімдер – 131,7 млрд.теңге немесе 110,4%, негізгі ка­питалды сатудан түсетін түсім­дер – 7,7 млрд.теңге немесе 99,1% және трансферттер 2 103,3 млрд.теңге немесе 100,5% құрады.

Ұлттық қордың активтері 2014 жылы 5 459,6 млрд.теңгеге то­лықтырылды және 2015 жылғы 1 қаңтарда 16 522,1 млрд. тең­гені құрады, оның ішінде инвес­тициялық кіріс 1 955,0 млрд. теңге сомасында болды. Негізгі үлесті (63,5 %) мұнай секторынан түсетін тікелей салықтар құрады.

2014 жылғы республикалық бюджеттің шығыстары 99,3% немесе 7 069,7 млрд. теңге сомасында атқарылды. 2013 жылмен салыстырғанда шығыстар 1 079,2 млрд. теңгеге өскен.

Шығыстар саласында бюджет саясатының басымдығы әлеуметтік міндеттемелерді бірінші кезекте қаржыландыру болды. 2014 жылға арналған республикалық бюджетте көз­делген зейнетақыларды, әлеу­меттік жәрдемақылар мен бюд­жеттік сала қызметкерлеріне жала­қы төлеу уақтылы және то­лық көлемде жүзеге асырылды.

Әлеуметтік салаға арналған шығыстар 2 680,2 млрд.теңгені құрады. 2014 жылы олардың көлемі ішкі жалпы өнімге шаққанда 6,9%-ға жетті, ол тұрақты әлеуметтік климаттың сақталуына ықпал етеді.

Бұл ретте, 2014 жылы білім бе­руге – 466,3 млрд. теңге, ден­сау­­­­­лық сақтауға – 645,3 млрд. тең­ге, әлеуметтік көмекке – 1 462,3 млрд. теңге, мәдениетке, спорт­қа, туризм мен ақпараттық кеңіс­тік­ке 106,3 млрд. теңге жұмсалды.

Әлеуметтік шығыстармен қатар, бюджет шығындарының жоғары деңгейі инфрақұ­ры­лымдық және индустриялық жобаларға, ауыл шаруашылығын дамытуға байланысты болып отыр. Мәселен, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына – 316,5 млрд.теңге, отын-энергетика кешені мен жер қойнауын пайдалануға – 95,0 млрд.теңге, ауыл, су, орман, балық шаруа­шылығына және қоршаған ортаны қорғауға – 233,8 млрд.тең­ге, өнеркәсіп, сәулет, қала құры­лысы және құрылыс қызметіне – 22,3 млрд.теңге, көлік және коммуникацияға 493,6 млрд.теңге жұмсалды.

Республикалық бюджет тап­шылығы 1 081,2 млрд.теңгені құрады.

Баяндамашыларға Мәжіліс депутаттары Н.Сабильянов, З.Ба­лиева, Е.Никитинская, Р.Хал­мұрадов, Ш.Мырзахметов, Г.Исім­баева, С.Романовская және Ә.Бимендина сұрақ қойды. Ал заң жобасы бойынша жұмыс то­баның жетекшісі Құттықожа Ыдырысов отырысты қорытып, алда болатын жұмыс тобы оты­рысының уақытын хабарлады.