• RUB:
    6.13
  • USD:
    479.26
  • EUR:
    546.21
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 19:05

Науқан басталды: ОСК Құрылтай депутаттарын сайлаудың Күнтізбелік жоспарын бекітті

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды дайындау мен өткізудің негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспарын бекітті, Egemen.kz

«Күнтізбелік жоспардың бекітілуі сайлау науқанының ресми басталғанын білдіреді. Бұл құжат Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес барлық сайлау рәсімдерінің кезектілігі мен мерзімдерін айқындайды, олардың уақытылы ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді және сайлау процесіне қатысушылардың барлығы үшін тең құқықтық жағдайлар қалыптастырады», деп атап өтті Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман.

«Күнтізбелік жоспарға сәйкес, 2 шілдеден бастап 13 шілде аралығында сағат 18:00-ге дейін саяси партиялар партиялық тізімдерін ұсына алады. Кандидаттардың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкестігі тексерілгеннен кейін Орталық сайлау комиссиясы оларды тіркеуді жүзеге асырады. Тіркеу дауыс беру күніне отыз күн қалғанда, яғни 23 шілде күні сағат 18:00-ден кешіктірілмей аяқталады.

Сайлау алдындағы үгіт 2026 жылғы 23 шілде сағат 18:00-ден кейін басталып, 22 тамыз сағат 00:00-ге дейін жүргізіледі. 22 тамыз - тыныштық күні. Бұл күні сайлау алдындағы үгіт жүргізуге жол берілмейді.

16 шілдеден кешіктірілмей сайлау учаскелерінің шекаралары мен учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары жарияланады. 2 тамызда жергілікті атқарушы органдар сайлаушылар тізімдерін учаскелік сайлау комиссияларына береді, ал 7 тамыздан бастап сайлаушылар тізімдермен танысып, ондағы деректердің дұрыс енгізілгенін тексере алады.

 

Соңғы жаңалықтар